"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ЖАСЫЛ-ЯҒНИ ҮНЕМДІ» сынып сағаты

03.02.2018

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:    "ЖАСЫЛ-ЯҒНИ ҮНЕМДІ"

Сабақтың мақсаттары:

1)бастауыш сынып оқушыларының табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы білімдерін өзектендіру, энергияны тиімді тұтыну және энергияны үнемдеу, ауызсу көздерін ұтымды пайдалану туралы түсінік қалыптастыру;

2)топ ішінде жұмыс істеу дағдыларын, ынтымақтасу және бірегей пікір қалыптастыру дағдыларын дамыту;

3)  барлық табиғи ресурстарын үнемді және саналы пайдалануды тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

-балалардың экологиялық сана сезімін тәрбиелеуге жәрдемдесу;

- экологиялықтұрақты әрі қауіпті өмір стилінің дағдыларын тәрбиелеуге жәрдемдесу;

-энергияны пайдаланупроблемаларына, энергия мен энергия ресурстарын үнемдеуге, қоршаған ортаны қорғауға назар аударту;

-ресурстар мен энергияны үнемдеуге ынталандыру;

- оқушыларды энергия мен ресурстарды үнемдеу бойынша пайдалы қызметке қатыстыру;

- мектепте алынған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылық тудырту.

Ұйымдастыру кезеңі.

- Балаларды психологиялық дайындау.

1. Ынталандыру:   

- Берілген әріптерден сөз құрыңдар: а, с, ж, л, ы.

2.Психологиялық тренинг.

1.«Медитация» стратегиясы.

Балалар, бастарыңды төмен түсіріп, көздеріңді жұмыңдар. Адамдар мекендемеген планетадасыңдар деп елестетіңдер. Кенет сендердің жүздеріңде күлкі ойнады. Неліктен күлкі ойнады? Сендер не көрдіңдер?

Көңілдеріңді не көтерді?

3. Қызығушылын ояту.

1.«Жасыл» сөзі орысша қалай болады? (зеленый).

    Ал ағылшын тілінде қалай болады? (green).

2.Осы сөзбен сөз тіркестерін құрыңдар (жасыл дала, жасыл (көк) шөп, жасыл планета және т.б.)

4. Шақыру кезеңі.

- Жылдың қай мезгілінде табиғат көктей бастайды? (көктем)

-Көктемде қандай құбылыстар пайда болады? (табиғат оянып, жаңа өмірін бастайды)

- Жасыл сөзі нені білдіреді деп ойлайсыңдар? (жаңа өмір)

- «Жасыл» сөзімен байланысты қандай сөздер естеріңе түседі (мұғалім «өмір» сөзіне сәйкес келетін сөздерді таңдап, қайталайды)

-Енді біз «Жасыл – яғни үнемді» деген сабақ тақырыбына да жеттік.

 

- Топтарға бөлу(мұғалім сыныптың сандық және сапалық құрамына қарай балаларды 2-4 топқа бөледі).

 

Түсініп алу кезеңі.

– Ауызсу туралы не білесіңдер?

-        Ауызсуды қалай үнемдеуге болады? (топтық жұмыс)

«Су»

 - Балалар мұғалімнің сұрағына жарысып жауап береді және су ресурстарын, атап айтқанда ауызсуды үнемдеу қажеттілігі туралы қорытынды шығарады.

- Жер бетінің қанша бөлігін су алады? (3/4)

- Адамның қанша бөлігі судан тұрады? (3/5)

- Тұщы су дегеніміз не? (тамаққа қолдануға болатын су)

- Тұзды су дегеніміз не? (адам мен жануарлар үшін зиянды)

- Тұщы су қайда бар? (өзендер, көлдер, батпақтар,мұздықтар)

- Тұзды су қайда бар? (теңіздер мен мұхиттар)

- Жер бетінде қандай су көп? (тұзды су)

- Тұщы су қалай тазартылады? (зауыттарда, тазарту жүйелері арқылы)

- Тұщы су бітпеу үшін не істеу керек? (крандарды жауып отыру, сумен ойнамау, ауызсуды мақсатына қарай ғана пайдалану, яғни үнемдеу - үнемдеу сөзін тақтаға жазу керек)

-«Болады, болмайды» ойыны: балалар дұрыс немесе бұрыс пайымдамаларды таңдап, қозғалу ережелеріне сәйкес қажетті қимылдарды жасайды (дұрыс пайымдама болса – алақандарын соғады, бұрыс болса – аяқтарын тыпырлатады).

1. Тоққа қосылған электр фенімен ойнауға бола ма (аяқтарын тыпырлатады).

2. Тоққа қосылған үтікке ылғал қолмен тиюге бола ма (аяқтарын тыпырлатады).

3. Бөлмеден шыққанда жарықты сөндіруге бола ма (алақандарын соғады).

4. Қосылып тұрған теледидарға жақын отыруға бола ма (аяқтарын тыпырлатады).

5. Ұйықтаған кезде компьютерді қосылған күйінде қалдыруға бола ма (аяқтарын тыпырлатады).

6. Керек болмаған кезде үтікті тоқтан ажыратуға бола ма (алақандарын соғады).

Қалдықтарды  кәдеге жарату.

Сусындардан босаған ыдыстарды түрлі пайдаға жаратуға

болады.Мысалы: аула алдын безендіру, құстарға жем сауыт, гүлдерді отырғызу және

қорғау т.с.с.Сыныбымызда сусыннан босаған ыдыстан «кәмпит салатын ыдыс»

жасайық.

  -Мәнді-мағыналы сұрақтар:

- Бізге тоқ не үшін қажет? (құралдарды пайдалану үшін)

- Тоқты қайдан алады? (зауыттарда, электр станцияларында)

- Ондай зауыттар қандай зиян келтіреді? (табиғаттыластайды)

- «Табиғатты ластау» дегеніміз не? (бұл табиғаттыңластанып жойылуы)

- Тоқты тағы қалай алуға болады? (күннен, желден,судан)

- Тоқ алудың қай әдісі ең жақсы? (екіншісі)

- Бұл әдіс қалай аталады (жасыл энергетика)

Біз енді тағы да жасыл сөзіне тоқталдық (сөзді тақтаға үнемдеу сөзінің алдына жазу керек).

  Қорытынды шығару.

 «Қоқысты бөліп жинау»

-«Кім тезірек болады?» атты жарыс» (әрбір команда пакет түсіне сәйкес келетін қоқысты жинауы тиіс, мұғалім командаларға түрлі түсті пакеттерді үлестіріп береді, алайда қай пакетке не салу керек екенін түсіндірмейді:

1-команда – қызғылт сары пакет – пластик

 2-команда – сары пакет – пакеттер

 3-команда – көк пакет – қағаз).

Просмотров: 1398


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст