Тақырыбы: «Мамандық – менің болашағымның таңдауы»
Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз - өзін тану аймағын кеңейту, кез - келген кедергіден шыға білу мақсатында жүргізіледі.
Қажетті құрал - жабдықтар: А4 қағаз, түрлі - түсті қағаздар, плакат, түрлі түсті карандаш. фломастер, карточкалар.
Тренинг барысы.
1.Кіріспе сөз(тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)
Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау - тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан - дүниеңе үңілу...»
Психолог: Қайырлы күн.
Біздің бүгінгі тренингіміздің тақырыбы:
«Мамандық – менің болашағымның таңдауы».
Президенті Жомарт Токаев «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деп айт. Жақын арада әр қайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгін тренингімізде біздер осы маңызды тақырыптарға тоқталайықшы. Сіздерге сұрақ, мамандық дегеніміз не?, мамандыққа кішкене ой пікір тастап жіберіңіздерші. Сонымен мамандық дегеніміз – кәсіптің түрлері. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар екен көрдіңіздер ме балалар.
Сіздерді тренинг ережелерімен таныстырып өтейін.
Тренинг ережесі:
- бір - бірін тыңдау
- уақыт үнемдеу
- белсенділік таныту
- достық қарым - қатынас.
1 - ші жаттығу « Жақсы тілек». Адамға жақсы тілеу тілесең әр қашан жолың ашық болады. Сонымен балалар жаттығуымызды жақсы тілектен бастайық.
Әр мектептен бір оқушы орнынан тұрып қай мектептен келгенін айтып өз тілектерін айтады.
Міне осы оқушылардың айтылған жақсы тілектері осы отырған бәрімізге жақсы көңіл - күй сыйлады. Енді осы көңіл – күймен мен сіздерге хат қалта таратамын, соның ішінде номерлеген қағаздар жазылады кімге қандай номер келеді, сол бойынша мұғалімнің айтқан орынына барып отырады. Енді жаттығуымызды жалғастырамыз.
2 - ші жаттығу. «Мамандықты тап» (ойын)
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Хирург, Фабрика басшысы, Хатшы, Кітапханашы, Банк қызметкері, Сатушы, Мұғалім, Бухгалтер, Сварщик.
3. Жаттығу.«Жағдаяттық сұрақтар». Енді сіздер жаңа өмірге қадам басып жоғарғы оқу орнына түсесіздер, сол кезде сіздер көптеген жағдаятқа кездесесіздер, сол жағдаятты қалай шешесіздер.
Жағдаяттық сұрақтар.(уақыты 5мин).
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата - анаң қарсы.
Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата - анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады.
сен ата - анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасын ашып бер?
Сенің арманыңның орындалуына қандай да, бір кедергі келіп тұр қандай шешім қабылдайсың?
4. Айжан мектепте жақсы оқыды, мектеп бітіргеннен кейін заңгер мамандығын таңдады, бірақта оқуғ түсе алмады. Ал құрбысы Алима мектепте орташа деңгейде оқыды да заңгер маманына түсіп кетті.
Сіз бұған не айтасыз?
4. Жаттығу«Менің болашақ мамандығым», өзіңіздің қалаған мамандыққа қалай жетуге болады, сіздер алдыға қандай мақсат қоясыздар? балалар. Қазір әр топқа бір плакаттан беріледі, тақырып: Менің болашақ мамандығым сол плакатқа, өзіңіздің армандаған мамандығыңызға қалай жетуге болады, қай оқу орнында оқығыңыз келеді осы армандарыңызға қандай мақсатпен көтерілесіз соны жазып, суреттеңіздер. Уақыт 10 мин.
Ары қарай жаттығуымызды жалғастырамыз келесі:
5. Жаттығу. Ең - ең... (ойын) Уақыт 3мин.
Парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады: Топтың ішінде бірге ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.
- ең жасыл мамандықтар (эколог, биолог, географ, бақташы, гүл өсіруші)
- ең ақшалы мамандықтар (банк қызметкері, экономист)
- ең таза мамандықтар (дәрігер, мұғалім, заңгер)
- ең көңілді мамандықтар (клоун, әзіл - сықақшы)
- ең тәтті мамандықтар (аспаз, кондитер)
- ең жауапкершілікті мамандықтар (бухгалтер, сот)
6. Жаттығу.«Бұл кім» кәсіби бағдар ойыны.
Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.
Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, программист, эколог, заңгер.
7. Жаттығу « Ақ тілек» (жаттығу).
Әр топқа, түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер, таратылады. Осы қиындылармен, ватман бетіне мейірімділік алаңын құрастырыңыздар. Соңында әр топ жетекшілері түсіндіріп қорғап кетеді.
Мақсаты: Ата - анама, ұстазыма, сыныптастарыма деген жақсы тілектеріңіз бен жылы лебіздеріңізді білдіру.
8.Жаттығу. « Микрофон»
Әр топ, бүгінгі тренингте қандай әсер алғандарын, жылы лебіздерін білдіру.
Қорытынды: Әбунасыр әл Фараби «... адам кез - келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады».
Қөңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!