Текст
“Балбөбек” шағын орталығында “12 сәуір – Ғарышкерлер күніне” орай шағын орталықта тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балаларға ғарыш туралы қызықты мәліметтер айтылып, ойындар өткізілді. Балалар ғарышкер болуды армандап, өз қиялдарын сурет және көрмелер арқылы бейнеледі.Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру, ғарышкерлердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қиялдарын дамытып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.