Текст
Бүгін мектебімізде педагогикалық кеңес аясында «Цифрлық педагогика: құралдан білім беру нәтижесіне дейін» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинар барысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолдану, олардың оқыту сапасын арттырудағы мүмкіндіктері талқыланды. Педагогтер тәжірибе алмасып, заманауи цифрлық құралдарды сабақта қолданудың практикалық жолдарын қарастырды.
