Текст
16 ақпан күні Атамекен ауылының жалпы білім беретін мектебінде "Оқу мектебі" жобасы аясында қазақ балалар ақыны Е .Елубаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты кітапханалық сабақ өтті. Сабақ 2, 3, 4 сынып оқушыларымен өткізілді. Оқушылар Е.Елубаевтың өлеңдерін оқып, жұмбақтар сайысына қатысты. Сабақ соңында балалар ақынның шығармаларын үйге оқуға алды.