Текст
Аудандық деңгейде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Сәкен оқулары» мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқауға мектебіміздің оқушылары да қатысып, әртүрлі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды. Бұл — оқушыларымыздың әдебиетке деген қызығушылығының, шығармашылық қабілетінің және ұстаздарының жүйелі еңбегінің нәтижесі.
Жүлдегер оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Олардың жетістіктеріне үлес қосқан ұстаздарына алғыс білдіреміз!
Оқушыларымызға жаңа белестерді бағындырып, алдағы байқауларда да биіктен көріне берулеріне тілектеспіз!
Жеңістеріңіз құтты болсын! Таланттарыңыз талай биіктерге жетелесін!
