"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл»

07.03.2017

Тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл»

 Мақсаты: дені сау ұрпақ тәрбиелеу,

оқушыларды тазалыққа тәрбиелеу. 

Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз

ету.

Оқушыларға

салауатты өмір салтын насихаттап, өз денсаулығын күте білуге, зиянды

әдеттерден аулақ болуға баулу, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін

айта отырып болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың

көрнекілігі: Денсаулық туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, мақал –

мәтелдер, жағдаяттық сұрақтар.

 

Сайыс

сабақ.

1.     Таныстыру.

2.     Денсаулық  туралы 

өлең  шумақтары.

3.     Мақал

–мәтел.

4.     Дұрыс  тамақтану  дегеніміз  не?

5.     Жеке бас гигиенасы дегеніміз не?

6.     Зиянды  әдеттер дегенімізне?

7.     «Өмірдің

өзі сахна» Көрініс.

8.     Қол  күресі – білек  күштерін 

сынау.(2  оқушы)

9.     «Денсаулық

–зор байлық» сұрақ –жауап  аялдамасы.

10.                      

Жұмбақ.

11.                      

«Тапқырлық» «Денсаулық»  «Салауаттылық» сөзінен бірнеше сөз  құрау.

12.                      

Әлемдегі  ең пайдалы азықтар

«Дені сау

адам –табиғаттың ең қымбат жемісі»

 (Томас Карлейль)

 

Мұғалім: -

Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Дені саудың 

-жаны  сау» деген мақал тегін

айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық – табиғаттың адамға

сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген,

сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану

әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. 

    Біз  бүгін 

балалардың  денсаулықты  қаншалықты 

қадірлейтіндерін, денсаулықты 

сақтау  үшін  не 

істеу  керек  екендігін 

қаншалықты  білетіндерін  білу 

үшін  екі  топты 

ортаға  шақырамыз.

 

1. 

Таныстыру.

1.    

«Салауаттылық»  тобы Ұраны – Салауатты  өмір 

салтын  сақтайық,

                                                       

Ел  үмітін  ақтайық.

2.    

«Денсаулық»  тобы. Ұраны: - Денің  сау 

болса, жарлымын  деме,

                                                  Жолдасың  көп 

болса  жалғызбын  деме.

 


3. Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың

жақсы деңгейіне жету және жайлы болуына жету – бұл нақты өмірлік ұстаныммен

тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс.

Денсаулық – бақытты болудың алғы шарты.

«Мақал – сөздің мәйегі»

Мақал – мәтел айтайық.

 


«Дені саудың – жаны сау».

«Ішің ауырса, аузыңды тый.


Көзің ауырса, қолыңды тый».

«Тісі саудың –іші сау»


«Аурудың бәрі жүрекке тиеді»

«Ескі ауруды емдеу қиын»


«Ас –адамның арқауы»

«Денсаулық байлықтан қымбат».


«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»

 

 

 

3.    

Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені

саудың –жаны сау» аталуы тегін емес «Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз,

балалар, қалай ойлайсыңдар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?

- Ал, дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

4.     Жеке бас гигиенасы дегеніміз не?

Зиянды  әдеттер дегенімізне?

 

 Тамақты уақытында ішу;

- Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеу;

- Дастарханға тамақ ішерде ғана отыру;

- Тамақты асықпай әбден шайнап жеу;

- Тамақ мәзірі әртүрлі болуы керек;

- Суды мөлшерден тыс ішпеу керек.

- Қолды жууды ұмытпау керек.

- Жемістер мен көкөністерді жумай жемеу керек.


5. Көрініс. «Дәрігер  мен   оқушы» - «Салауаттылық»  тобы

Жалқаубек: - Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп,

балалармен бірге мен де тамақтану құпиясын білейін деп келдім және құр

келмедім. Балаларға базарлық ретінде тәтті сусын, сағыз, чипсы әкелдім.

(Сөмкесінен әкелген заттарын шығарады)

- Ұялмай алыңдар, балалар, сендерге әкелдім бәрін.

Оқушы: - Жалқаубек, асықпа. Бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың

туралы дәрігерден сұрайық. 

-Құрметті дәрігер, газды сусын, сағыз, чипсиді тамақ ретінде қолдануға бола ма?

Дәрігер: - Газды сусынның құрамына түрлі консерванттар, бояғыш пен

ароматизаторлар - дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар азқазан мен ішек

жолына жағымсыз әсер етеді. Газды сусындағы көп мөлшердегі қант тіс құртының

пайда болуына себепкер болады. Жәй тәтті газды сусын құрамында баланың ағзасына

қажетті витаминдер не болмаса минералды заттар жоқ.

Оқушы: - Ал, көп балалар жақсы көретін сағыз туралы не айтасыз?

Дәрігер: - Қанттың тіс құртының, яғни тіс ауруының басты себебі екенін мамандар

ертеден-ақ дәлелдеген. Ал сағыздың құрамында қант бар. Дәрігерлердің

тәжірибесінде іш ауруы мазалаған баланың ішегінен тас болып қатып қалған

сағызды алған, сағызды абайсызда жұтып қою өте қауіпті. Ағзаға еш пайдасы жоқ,

артық жайсыздықтарға әкелетін сағыздың не керегі бар.

Оқушы: - Чипсы, яғни қуырылған картоп денсаулыққа зиян емес пе?

Дәрігер: - Балалар, ғалымдар қуырылған картоп пен чипсидің құрамынан бірнеше

зиянды заттарды тапқанын білесіздер ме және пластмасса мен бояу өндіруде

қолданылатын заттар да тапқан. Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді. Газды

сусын, чипси, кәмпит жейтін балаларда витамин жетіспейді, тамақ құрамында

витаминнің жетіспеуі оқушының оқу үлгерімінің төмен болуына, тәртіптің

бұзылуына себеп болуы әбден мүмкін дейді ғалымдар.

1-  оқушы: - Балалар, Жалқаубектің

ұсынған тамағын қабылдаймыз ба? (Жоқ)

2 - оқушы: - Ал қандай тамақ пайдалы?

-Құрамында дәрумендер бар тамақтар пайдалы

3 - оқушы: - Ал, витамин(дәрумен) дегеннің не екенін білесіздер ме?

- Витамин адам ағзасына қажетті зат, vito - өмір, amin – қажетті деген латын сөзінен

тұрады. Егер витамин жетіспесе адам ауырып қалуы мүмкін.

1-оқушы: - Балалар, дұрыс өсіп, жақсы көру үшін және тістерің мықты болсын

десеңдер А витамині керек. Ол сәбізде, қызанақта, балық етінде кездеседі.

2-оқушы: - Сендер мықты болу үшін, болмашы жағдайға ренжіп көңілсіз жүрмеу үшін

В витамині өте қажет. Оны күріштен, бұршақтан, сырмен наннан алуға болады.

3-оқушы: Егер суық тимесін десеңдер, үнемі сергек жүру үшін С витамині керек. С витамині қарақатта, итмұрында,

лимон мен пиязда, болғар бұрышында, капустада, шиеде көп кездеседі.

Дәрігер : - Дұрыс айтасыздар, көкөністер мен жеміс-жидек – пайдалы тамақ.

Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың алдын

алатын витаминдер бар.

Оқушы: - Міне, көрдің бе, Жалқаубек, бұдан былай қандай тамақ пайдалы екенін

біліп жүр.

М.

Дулатовтың «Байлық» әңгімесі бойынша көрініс 

– «Денсаулық»  тобы

Автор:

-        

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін

айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.

Жас

жігіт:

-        

Шіркін –ай, егер менің байлығым көп

болса, қандай жақсы болар еді. Онда мен асып- тасып өмір сүрер едім, -деп,

зарлауын қоймайды.

Автор:

-        

Бір күні жігіттің лашығының қасынан қарт

тас қалаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған әлгінің қасына келіп:

Қарт:

-        

Саған не болда сонша жыланып? Сен нағыз

бай адам емессің бе?

Жігіт:

-        

Мен баймын ба? Қане, қайда ол байлық.

Қарт:

-        

Сен мына қолыңды мың сомға кестіруге

рұқсат етер ме едің?

Жігіт:

-        

Құдай сақтасын! Он мың сомға да

кестірмеспін.

Қарт:

-        

Қаншаға берер едің жарық дүниені көретұғын

қырағы көздеріңді, сақ құлақтарыңды, мықты аяқтарыңды?

Жігіт:

-        

Оның не? Мен бұларды дүниенің малына да

айырбастамас едім.

Қарт:

-        

Қалайша енді осынша байлыққа ие бола

тұрып, жарлымын дейсің?

Автор:

-        

Достар, ең үлкен байлық денсаулық екен.

Сондықтан денсаулығымызды күтейік.

 

6. Салауатты

өмір салтын сақтайық,

    Ел үмітін 

ақтайық.

Қол күресі-

білек күштерін сынау. Ортаға екі топтан бір - бір баладан шығады.


7.  «Денсаулық – зор байлық» сұрақ жауап аялдамасы

(Оқушылар жауабы.)


1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер? 

Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен

байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және

жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана

байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.


2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек? 

Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану,

дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды

және ақжарқын болу. 

 

3. Салауатты өмір сүру дегеніміз

не?

Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос

уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану,

зиянды әдеттерден аулақ болу.

 

1 .Таңертеңгілік жаттығу жасау не

үшін қажет? 

Байымызды сергітіп, шымыр болып өсу

үшін.


2. Денсаулыққа не зиян?

Күн тәртібін бұзу, жеке бас

гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу, 


3.Біз не үшін тамақтанамыз?

Адам үнемі күш қуатты жұмсайды,

соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық

негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз. 

 

8. Жұмбақ.

Бұдан кір қорқады

Бұл судан қорқады (сабын мыло soap)

 

Кетіп кір ласың

Қарап тұрсың өзіңе

Сурет түсер көзіңе

Ол суретің ұқсайды

Дәл қазіргі өзіңе (Айна зеркало mirror)

 

Шомылған баланы

Құшақтап алады

Сипайды қолында

Сипайды жонын да (Сүлгі полотенце towel)

 

Аузы жоқ, көзі

жоқ    

Тілі жоқ, сөзі жоқ

Бірақта тісі бар

Басыңмен ісі бар (Тарақ расческа comb)

Дәмі де жоқ, түсі де жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ (Су вода water)

 

 Екі  топқа 

ортақ.

Оны күткен адамдар

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар

Байлық осы деседі.   (Денсаулық)

 

9. Тапқырлық ( «Денсаулық» сөзінен бірнеше сөз

құрау,)

«Денсаулық» (саулық,сау,ық,ен,ес, қыл,

су,ау,суық, лақ, қыс, сан, қан, ал, ақ, ақыл,

қас,уық,қал,

дау, дауыс, дауыл, дақ, дақыл т.б)  23  сөз.

 

Музыкалық

үзіліс

 

 

 

 

«Тапқырлық»

«Денсаулық»  «Салауаттылық» сөзінен

бірнеше сөз  құрау

 

 

 

        Әлемдегі  ең пайдалы азықтар

10.

Балалар  енді   

жазғы

спорт түрлері

қысқы

спорт  түрлері

ұлттық

ойын түрлерін жазып берсендер

 

 

 

Спорттың түрлеріне келер болсақ. Түрлерін атау.

Жазғы спорт

түрлері:                                              

Қысқы спорт түрлері:

1. 

Велоспорт                                                        

1. Биатлон

2.  Ат спорты

                                                        2.

Тау шаңғысы спорты

3.  Жеңіл атлетика

                                               3.

Шаңғы жарыстары

4.

 Гольф                                                               

4. Мәнерлеп сырғанау

5.

 Теннис                                                             

5. Фристайл

6.  Футбол      

                                                       6.

Хоккей

7.  Суда

жүзу                                          

              7.

Шорт-трек т.с.с

Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не

қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та,

даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан

бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек,

ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ»

деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. «Салауатты өмір салтын жандарыңа жан

серік етіңдер».

Қорытынды  сөз 

әділ  қазы  алқасына 

беріледі.

Матапаттау.

 

 

 

Салауатты мақсатың — өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру

 

Шыныққан шымыр денеміз,

Күн сайын өсіп келеміз.

«Денсаулық – 5, сабақ — 5»,

—          Деп рапорт береміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 2927


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст