Текст
25.10.2021
«Алтын күз» мерекесі
«Балбөбек» шағын орталығының топтарында «Алтын күз» мерекесі өтті. Бұл мерекеде балалар өздерінің өнерлерін ортаға салып, жан жақты екендерін көрсетті. Сондай-ақ күз мезгілінің және табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін ұғынды.
13.10.2021
Азаматтық қорғаныс бойынша жаттығу
2021 жылғы 13 қазан күні сағат 10.00-де Атамекен ауылының жалпы білім беретін мектебі базасында Азаматтық қорғанысқа арналған іс-шара өткізілді. Дабыл белгісі бойынша оқушылар, педагогикалық құрам және мектеп қызметкерлері мектеп үй-жайынан қауіпсіз қашықтыққа кетті.
13.10.2021
1 қазан-Халықаралық Қарттар күні
Қарты бар елдің қазынасы бар дегендей қарттарды қолдау айлығына арналған іс-шаралар жоспары барысында "Қайырымдылық поштасы" құттықтау хаттарын тарату өткізілді, тимуршылар отряды сыныпқа бекітілген ардагерлерді аралап, Халықаралық қарттар күнімен құттықтады....
11.06.2021
Мектептегі демалыс аймағы жұмысын бастады
2021 жылдың 1 маусымынан бастап біздің мектепте мектептегі демалыс аймағы жұмысын бастады. Бірінші кезектегі мәселе - балалардың физикалық және психикалық денсаулығы.
Жұмыста балалардың денсаулығын жақсарту, демалу және тәрбиелеудің түрлі бағыттарын біріктіретін әр...
20.05.2021
Кітап көрмесі
Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 1937-1938 жылдардағы Саяси репрессияда қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алуға арналған кітап көрмесі қойылды.
18.05.2021
Асфальтта сурет салу байқауы
18.05.2021 жылы «Балбөбек» шағын орталығының топтар арасында «Бақытты балалық шақ» атты асфальтта сурет салу байқауы өтті. Бұл сайыстың мақсаты сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері мен көркемдік қиялын дамытуға ықпал ету.
18.05.2021
Кітап көрмесі
Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиеттанушы, лингвист-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі.
12.05.2021
«Қазақтың батырлары» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты
11.05.2021ж. мектепалды даярлық топтарында «Қазақтың батырлары» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағаты Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырларына арналды. Тәрбие сағатының мақсаты Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге...
06.05.2021
"Ұлы Отан соғысының батырлары" атты кітап көрмесі
Мектеп кітапханасында 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған "Ұлы Отан соғысының батырлары" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды .