"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеткіншектер жетістікке жетті

09.12.2017

Жеткіншектер жетістікке жетті

   Қараша айының 23 күні ауданымыздағы Арман МТОТЖОрталығында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар» Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Бала би» атты шешендік өнер сайысы болып өтті.Бұл сайысқа қала және

ауыл мектептерінен 14 топ қатысып, Атамекен ауылының орта мектебінің атынан қатысқан «Жаухар» тобы  бас жүлдені , «Шабыт» тобы бірінші орынды жеңіп алған еді.Бұл топтар  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, яғни қарашаның 29,30 күндері облыста өтетін финалдық ойынға жолдама алды. Финалдық ойында Ақмола облысының аудандары  бірге , Көкшетау қалалық М.Ғабдуллинатындағы№3мектебі,Дарын мектебі  барлығы 16 команда бақтарын сынады.Алғашқы күнгі сайыста осы барлық топтардан оза шапқан «Жаухар» мен «Шабыт» топтары  екінші күні Дарын мектебі және Зеренді ауданының мектебімен ақтық мәреде  күш сынасып «Жаухар» тобы ауданымыздың атағын

абыроймен қорғап бас  жүлде, кезекті кубокты жеңіп алды.Ал «Шабыт» тобы 4 орынды қанағат тұтты.Ойын барысында әділқазылар алқасының көзіне  түскен 10 сынып оқушысы Келгенбай Оспан Көкше телевизиясының таңғы тікелей эфир бағдарламасына интервью беріп қайтты.Бұл екі топтың мүшелері Ербол Жанар,Разбол Аманжол, Даутай Ділнарлар   келешек алтын белгі үміткерлері , оқуда үздік,үлгілі, өнегелі оқушылар.Мектебіміздің мақтанышы. Әрине бұл жеткіншектердің жеткен жетістіктеріне сүбелі еңбегін қосып,қажымай, талмай  бар уақытын шәкірттері жолында сарп еткен жетекшілері Атамекен  ауылының орта мектебінің қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі Зикирина Алтынай Саукенқызының ерен еңбегі деп білеміз. Ұлағатты ұстаз әлі талай биіктерді бағындырады деп сенеміз және мектебіміздің ұжымы атынан зор алғысымызды білдіреміз.

                                                                             Аға  тәлімгер Шаги Жазира

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст