«Жол ережесін сақтайық»
Атамекен ауылының орта мектебінде қараша айының 13-17 аралығында жолда жүру ережелері бойынша
әртүрлі ісшаралар, акциялар, сынып сағаттары өтті. 1-4 сыныптар аралаығында жүрілген «Жол тәртібін білейік» атты сыныптан іс шараға оқушылар белсене қатысты. Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету болып табылады. Аталмыш сабақта балалар үш топқа топтастырылып, таныстыру, үйге берілген тапсырма, шаттық шеңбері, түрлі презентация, слайдтар арқылы жүріліп, балалар ВЕН диаграммасы арқылы сабақты қорғады. Жол ережесін жақсы білсек, өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ол өмірімізді сақтау. Сабақ соңында оқушылар "Бағдаршам" әнін хормен орындады. Жолда жүру ережелері бойынша жаттаған өлең тақпақтарын ортаға салды.