"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қарттарым асыл қазынам»

24.10.2017

«Қарттарым асыл қазынам»   

  Мектебімізде қарттарды қолдау айлығына орай тимуршылар отряды жыл сайын өз жұмысын абыроймен атқарып келеді.  Соғыс және еңбек ардагерлері, зейнеткерлер сондай-ақ жалғыз тұратын қарттар аталмыш акцияның басты тұлғалары болып табылады. Тимуршылар командасының қызметі өте қажет, көмек көрсетуден басқа, бір сәт назар аударудың өзі қарттарға үлкен сыйлық. Біздің ойымызша жасы үлкен адамдарға көмек көрсету қажет. Бұл өзімізге де, оларға да үлкен ғанибет. Өмір – бұл айна демекші, басқаға жақсылық жасасаң, бұл жақсылығың міндетті түрде алдыңнан шығады. «Қарттар күні» мерекесі бойынша қарттарға көмек көрсету айлығы негізінде  Атамекен орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымының жанынан құрылған Тимуршылар жасағы   қарт әжелер мен аталардың үйлеріне барып, мүмкіндіктерінше көмек көрсетті. Тимуршылар жұмысының барысында оқушылар өмірлік үлкен тәжірибелері бар, қоғамда сый-құрметке бөленген адамдармен қатынаста болады. Бұл өз тарапынан жас тимуршылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор. Тимуршылардың жасаған істері – азаматтыққа қол жеткізу, ересектер ісіне араласу болып табылады.

Просмотров: 511


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст