Технологиялық карта
Тобы: «Қарлығаш»
Күні:24.02.2017ж.
Тәрбиеші: ЖуасханМ.
Білім беру саласы: Шығармашылық,таным.
Бөлімі: аппликация
Тақырыбы: «Бұршақты көйлек»
Мақсаты: кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау; балалардың көркемдік
талғамын қалыптастыру;шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдалана
білуге тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:киім үлгілері туралы әңгіме өткізу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:үлестірмелі материалдар,дайын аппликация
үлгілері,сүрткіш,Айжан есімді қуыршақ.
Сөздік жұмыс: киім.
Билингвальді компонент:көйлек-платье,бұршақ-горошек.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы-лық |
Шаттық шеңбері. Біз қандаймыз,қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз! Күлімдеген күндейміз. Ән саламыз күнде біз, Шаттық толы іргеміз. Біз мәңгілік достармыз, Біз мәңгіге біргеміз. |
Балалар шеңберге тұрып тәрбиешінің іс – әрекетін қайталайды.
|
Ұйымдас-тырушы-лық-ізденістік |
-Балалар,бүгін бізге қуыршақ Айжан қонаққа келді.Бірақ Айжанның көңіл күйі жоқ екен.Себебі,қызыл көйлегіндегі бұршақтары түсіп қалыпты. -Сендер Айжанға көйлегінің бұршақтарын жапсыруға көмектесесіңдер ме? -Айжанның көйлегінің түсі қандай екен? Сөздік жұмыс: киім. -Бұршақтардың пішіні қандай? -Бұршағының түсі қандай екен? -Балалар,Айжанның көңілін көтеру үшін көйлегіне бұршақты жапсыруды бастайық. Дөңгелек бұршақтарды Айжанның қызыо көйлегінің жеңдеріне,кеудесіне және етектеріне жапсырамыз.Айжанның бұршақ көйлегі дайын болды.Айжан да қуанып қалды. Билингвальді компонент:көйлек-платье,бұршақ-горошек.
Сергіту сәті. Тырс-тырс,тырс-тырс! Жаңбыр көп жауады. Тамшылар тамады, Тырс-тырс,тырс-тырс! Терезені қағады. Жылғалар ағады, Тырс-тырс,тырс-тырс! Жаңартып ауаны, Жаңбыр көп жауады. Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп қояды,қорытындылайды. |
Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.
-Иә,көмектесеміз.
-Көйлегінің түсі қызыл. Қайталайды: киім. -Дөңгелек. -Ақ.
Балалар тәрбиеші айтқаны бойынша тапсырманы орындайды.
Қайталайды: көйлек – платье,бұршақ-горошек.
Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады,қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар өздігінен жұмыс атқарады. |
Рефлексиялық түзетуші-лік |
Рефлексия: Балалар,бүгін не істедік?
-Айжанның көйлегіне не жапсырдық?
-Бұршақтың түсі қандай? -Айжанның сендерге деген алғысы шексіз. Сендерге үлкен рақмет. Айжан балалармен қоштасады. |
-Айжанның көңілін көтеруге көмектестік. -Көйлегіне бұршақ жапсырдық. Қызыл,ақ.
Балалар Айжанмен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып, бұршақтарлы өз орнына
жапсыру;
Түсінеді: досына қиын сәтте көмек беруді;
Қолданады: ретін сақтай
отырып,бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.