"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекетіндегі ойынның технологиялық маңызы

10.03.2017

Мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекетіндегі

ойынның технологиялық маңызы



«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» (М. Жұмабаев)


Бұл баяндамада қазіргі мектеп дейінгі балалардың оқу іс - әрекетін ұйымдастыру

барысында қызығушылығын арттыруда ойынның технологиялық қажеттілігі туралы

қарастырылған.

«Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер – мемлекетіміздің мығым тірегі» - деп Елбасы Н.

Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас өспірімдердің жан - жақты даму негіздері –

мектепке дейінгі мекемеден бастау алады.


Қазіргі уақытта балаларды оқытуға арналған әдістемелер соның ішінде ойын

технологиясы кеңінен пайдалану үстінде. Яғни, ойындарды игеру балаларды жан -

жақты болуына зор ықпалын тигізеді. Балалардың оқу іс - әрекетін арттыру үшін

ойын элементтерін тиімді пайдалану керек. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені

меңгереді, сондықтан әр сабақ барысында қандай ойын түрлерін қолдануға

болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек

екендігі назарға алынғаны дұрыс. Яғни, бала тілін дамыту барысында ойын

элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы балалардың

өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға арналған бірден -

бір таптырмас технология. Ұлы педагог А. С. Макаренко ойынға үлкен мән бере

отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті

түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз

ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын

тәрбиелейді – деп қарастырады.


Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті

жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым -

қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып,

ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық

элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе

тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.


Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы

анықтамасы. Мысалы: сюжетті – рөлдік ойындар «Почта», «Дәріхана», «Дүкен»,

«Аурухана», «Кітапхана», «Отбасы», «Балалар бақшасы» болып ойнайды. Сол сияқты

ойындарда топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да,

серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде

болады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.

Көбінесе бұл ойындар күннің 2 жартысында ойнатылады.


Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін,

ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты,

ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді,

сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен

мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.

В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы

жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе

іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін

қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық

пен еліктеудің маздап жанар оты.


Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектепке дейінгі балалар белсенді және

өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, ойынға

аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді

ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу

әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру тәрбиешілердің рөлдік

ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті. Балалардың қызығуын арттыру

мақсатында тәрбиеші ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп,

тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік - ойындар», «қимылды

ойындар», «дидактикалық ойындар» жас өспірімдердің сөйлеу дағдысының

қалыптасуын дамытады.

Ойын іс - әрекеті зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып тәрбиешінің негізгі іс -

әрекетін құрайды.


Ойын түрлері:

Дидактикалық ойыны

Шығармашылық ойыны

Сюжеттік рөлдік ойыны

Қимылды ойындар

Ұлттық ойындар

Педагогикалық ойындар

Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі

етіп өткізуіне болады.

Заттармен ойыны Үстел үсті ойыны Сөздік ойыны

«Дәл осындайды тауып ал»

«Салыстыр да, атын ата»

«Қай ағаштың жапырағы»

«Бірдей ойыншықты тап»

«Қайсысы көп, қайсысы аз» «Суретті құрастыр» «Қандай затқа ұқсайды?»

«Қай сурет тығылды?» «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш»

«Қиылған суреттер» «Ұқсасын тап»

«4 - ші не артық?» «Есіңде сақта» «Сөз ойла»

«Сөз құра»

«Жұмбақ ойла» «Жақсы - жаман» «Жалғастыр»

«Үш сөз ата»

Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, бір

— бірімен достығын арттырып және саусақ бұлшық етін дамытады. Ойынға қажетті

құрал, заттарды даярлау ойынды өткізу дайындығын көрсетеді.


Ойындар: дидактикалық, қимылды, сергіту, сюжетті - рөлдік, жарыс,

Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу процесінде

жас өспірімнің тілін дамыту, сөздік қорын көбейту жолында төмендегі тәсілдер

ұсынылады:

Көрнекі құралдар: түрлі түсті суреттер, түрлі түсті қағаздар, ойыншықтар,


Тәсілдер

Сонымен қатар баланың құзыреттіліктерін дамытатындай рөлдік, сюжеттік ойындарға

үлкен мән берілуі тиіс. Ойын үстінде бала сұранысы мен тәрбиешісінің тапсырмасы

өзара ұштасады.

Мысал: Сюжеттік — рөлдік ойын: «Менің сүйікті кейіпкерім!». Баланың сүйікті

кейіпкерлері болатыны, өзінің соған ұқсағысы келетіні белгілі, ол баланың сол

кейіпкер рөлін атқаруы оның моральдық танымы мен түсінігіне әсер етеді де,

баланың жеке ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар

ойланады, эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял

елестері дамиды, мұның бәрі баланың творчестволық талантын кеңейтеді.


Қазақтың халқы мәдени мұраларға бай халық екендігіне сөз жоқ. Сондай бір

қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындарды да жатқызамыз. Ұлттық ойындар атадан

балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған көне халықтың дәстүрлері,

шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі болған. Әрине, ойын өнер

ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп,

бірін бірі толықтырып байыта түседі.


Баланың бойында ана тілін, ата - баба салтын бойына сіңірген, оны қастерлей

білетін азамат өсіруде ұсынатын ең басты құралымыз – ұлттық ойындар. Жас

өспірім ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге

еліктей жүріп үйренеді, өз бойына қабылдайды.

Таңдалған ойынды өткізуге қойылатын талаптар төмендегідей:

• Ойынды тақырыпқа сәйкес алу.

• Ойынның мақсаты нақты қойып, керекті көрнекіліктерді балалардың

қызығушылығына сәйкес дайындау.

• Ойнар алдында балаларға жүргізілу барысын әбден түсіндіру.

• Ойынға балалардың барлығын қатыстыру.

• Ойын барысында балардың қатысуын қадағалау, білмеген жерлеріне көмек, жәрдем

беру.

Қазіргі балабақшадағы ойынды қолданар алдында ақпараттық құралдарды жетік

меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс істеп

қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің

кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы

өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпындырады. Интернет

жүйесінің балаға тәрбие беру барысына қосар үлесі көп.


Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын,

өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын

қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің

жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі.

Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі

қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын

ашуына мүмкіндік береді.

 

Просмотров: 955


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст