"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұлдызды сәт (интеллектуалды ойыны)

07.03.2017

Жұлдызды сәт (интеллектуалды

ойыны)

Тақырыбы:

«Жұлдызды сәт» атты

интеллектуалды ойын

Мақсаты: Оқушылардың

ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз

бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, Жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау

қабілетін, дүниетанымын арттыру.

«Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.

Ал, қанекей, келіндер,

Бір-біріңе еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

Ойынға қатысу үшін қойылған сұрақтарға жауап беру қажет. Ойынға 12 ойыншы

қатысады.


«Табалдырық»

♦ ҚР рәміздерін ата?

♦ ҚР қандай қалалар бар?

♦ Қ.Р жері қандай?

♦ Қ.Р нелер өндіріледі??

♦ Қарағанды көмір кен орнын 1833жылы кім

тапты?

♦ Қазақстанның өзен көлдерін ата.

Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Демекші, әділ қазыларды сайлап алайық.

__Ә.Б басшысы Қақтай Г

_Жұмабай Б

Жүргізуші: Ойыншылар сәт сапар!

І бөлім «Әудем жер»

Бұл бөлімде мақалдар оқылады, сайыскерлер оның жалғасын тауып айту керек.

Жылдам жауап берген ойыншыдан сұралып, әрбір дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі. Ең

аз ұпай жинаған 2 ойыншымен қоштасамыз.

Туған елдей ел болмас, ...... туған жердей жер болмас.

Ата көрген оқ жонар, ... ана көрген тон пішер.

Жаңбырменен жер көгереді, ... Батаменен ел көгереді.

Кітап білім бұлағы, .... білім өмір шырағы.

Ақыл азбайды.... білім тозбайды.

Оқу инемен құдық.... қазғандай.

Еңбек ширатады, ...өмір үйретеді.

Еңбек етсең ерінбей, ... тояды қарнын тіленбей.

Отан оттан да .... ыстық.

Отан үшін отқа түс күймейсің, .... арың үшін алыссаң өлмейсің.

Туған жердің күні де ыстық, ... түні де ыстық.

Өнер ағып жатқан бұлақ, ... білім жанып жатқан шырақ.

Аз сөз алтын - көп сөз көмір.


ІІ бөлім «Қозы көш»

Ұяшық таңдау: Бұл бөлімде жеңілден күрделіге қарай сұрақтар қойылады.

Біреуі арнайы сұрақ. Ең аз ұпай жинаған 3 ойыншымен қоштасу. Таңдаған ұяшықтағы

ұпай беріледі. Егер қате жауап берілсе, қарсыластар жауап береді.

Қазақ тілі 10 20 30 40

Математика 10 20 30 40

Дүние тану 10 20 30 40

Ана тілі 10 20 30 40


Қазақ тілі

10-ұяшық: Сөз таптарын ата?

20-ұяшық: «Астана өте үлкен әсем қала?

30-ұяшық: «Үлкен,әдемі,ұзын,биік,дәмді, бұл сөздер қай сөз табына жатады.?

40-ұяшық:

Мәтін дегеніміз не?


Математика

10-ұяшық: 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем.

Берілген санды тап?

20-ұяшық: Екі әке, екі бала театрға билет алды. Театрға неше адам барды?

30-ұяшық: Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса,

нешеуі қалады?

40-ұяшық: Дүние тану

10-ұяшық: Өсімдік мүшелерін ата?

20-ұяшық:

Адамдар жан-жануарлар немен тыныс алады?

30-ұяшық: Жануарлар тобын ата

40-ұяшық:

судың күиі қандай?

Ана

тілі

10-ұяшық: Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерің білесің?

20-ұяшық: Отан, туған жер туралы 3 мақалды айт.

30-ұяшық: «жануарларға байланысты жұмбақ айт

40-ұяшық:Қандай

аңыз әңгімелер білесің?


ІІІ бөлім «Жолайрық»

Ұпай саны аз ойыншы кестедегі жасырылған кез келген сөзді табуға құқылы.

Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай және әр ойыншы бір сөзді табуы керек. Ойын нәтижесі

бойынша аз ұпай жинаған 3ойыншымен қоштасамыз.

Шарты: оңнан да, солдан да оқысаң бірдей оқылатын сөздерді табу қажет.

Жауаптары: қазақ, қалақ, кесек, надан, керек, қырық, қызық.

Қ..... қ

Қ..... қ

К..... к

Н..... н

К.... к

Қ.... қ

Қ.... қ


Кідіріс

Көрермендерге сұрақтан шашу шашайық.

Ø Шаршының қабырғасы 5см ауданын тап. /25 см²/

Ø Құрманғазы шәкірті кім?

Ø Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады?

/карта/

Ø 1 жұмыртқа 3 мин піссе, 5 жұмыртқа қанша уақытта піседі?

Ø 6 м бөренені 1 метрден неше жерден кесу керек? /5/

Ø Бастауыштың қимылын білдіретін сөйлем мүшесі? /баяндауыш/

Ø ҚР шекаралас мемлекеттерді ата.


ІV бөлім. «Алтын көмбе»

Сөзден сөз шығару. Сөздегі әріптердің орнын өзгертпей, бірнеше сөз шығару.

Ойыншылар асық таңдау арқылы сөз таңдап, сол сөзден бірнеше сөз шығаруы қажет.

Ойын нәтижесі бойынша аз ұпай жинаған 2 ойыншымен қоштасамыз. Әрбір дұрыс сөзге

бір ұпай.

1. Дөңгелек

2. Кемпірқосақ .


Сонымен, әділқазылар алқасы жалпы ұпай нәтижесін есептеп шығарғанша,

көрермендер арасында сайыс ұйымдастырылады.

Атамекен

сөзі. Қ.Мырзалиев,

әні. Е.Хасанғалиев

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен

Көрермендерге әннің жасырылған сөздерін тапқызу, әнді бірге шырқау.


Қорытынды


Просмотров: 728


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст