"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТӘЖІРИБЕДЕГІ РЕФЛЕКСИЯ

15.02.2017

«Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы аясында

 

         Білім-тоқтаусыз ,әрдайым толассыз алға жылжып

отыратын  үрдіс. Қазіргі таңда әлемнің

көптеген алдыңғы қатарлы елдерінде білім беру саласында енгізілген реформалар

жемісті нәтижесін беріп келетінін көріп-танысып жүрміз. «Ел болам десең-

бесігіңді түзе» демей ме дана халқым. Міне, сондықтан Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа

ықпалдасуы үшін білім беру саласының алдында шетелдік тәжірибелерді зерделеп

енгізу талабы туындап отыр. Осы мақсатта Республикамызда  бұрын-соңды болмаған  мектеп мұғалімдері біліктілігін арттырудың

«Кембридж тәсілінің» теориялық негізіндегі курстары іске асырылып жатыр. 

     «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім

беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын  зерделеу мен меңгеруге көмектесетін негізгі

материал болып табылады. Аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың

қалай оқу керектігін үйреніп,соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлелдерін жеткізе

білетін,ынталы,сенімді,сыни көзқарастары жүйелі дамыған оқушының қалыптасуын

қамтиды.

  

    Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін

басқару органдарының мұғалімдердің тиісті ресурстармен қамтамасыз ету

қызметінен гөрі,оқушыларды тәрбиелеу мен оқу нәтижелеріне көбірек ықпал етеді.

      Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер

үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны:

«ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай

дайындайды?» 

       Сол себептен де  әр білім ошағында жаңартылған білім беру

үрдісінің курсын тәмамадап келген беделді ұстаздар тренерлік сабақтарын өте

сапалы түрде жүргізуде.Бурабай ауданы Атамекен ауылының орта мектебінде де

аталмыш тренерлік сабақтар аптасына екі рет ұйымдастырылып отырады.Осы курстың

аға оқытушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санаттағы мұғалімі

Зикирина Алтынай Сәукенқызы жаңартылған бағдарламаның ерекшелігін жан-жақты

түсіндіріп, мұғалімдердің сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра түсуде.

      Осы курстың біздің  кәсіби дамуымызға, оқыту жүйесіне жаңа

көзқараспен қарап, өзіміздің  болашақ

бағытымызды айқындауымызға көмегі зор болады  деп  ойлаймын.

       Әр уақытта білімді алға қоюшы ұстаз

үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді.

Елді өсіретін де, төмен түсіретін де – білім. Сондықтан да барлық жаңашыл

әдіс-амалдарды тиімді пайдалана білу біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!

 

 



 

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст