"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

:ас мектеп директорларына арналған « Мектеп жұмысын оқу жылына жоспарлау» тақырыбы аясында аудандық семинар

15.12.2022

2022  жылдың 14 желтоқсанында «Ақмола  облысы білім басқармасының   Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі  Атамекен ауылының  жалпы   орта білім беретін  мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ауданымыздың жас мектеп директорларына арналған « Мектеп жұмысын оқу жылына жоспарлау» тақырыбы аясында аудандық семинар өткізілді. Семинар мақсаты: жас көшбасшылардың басқарушылық  құзыреттіліктерін,

тиімді шешім қабылдау  қабілетін дамыту. Мектеп директоры Ж.Е.Зикирин қонақтарды мектеп жұмысымен таныстырып шықты. Жас мектеп басшылары тарих пәні мұғалімі Шағи Анардың 6 «А» сыныбында «Наймандар, керейіттер, жалайырлар» тақырыбында өткізген сабағына және 7 «Б» сыныбында математика пәні мұғалімі Савинова Е.А.  «Функциялардың графиктері» тақырыбында өткізген сабақтарына қатысты. «Білім беру мекемесі басшысы жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, білім сапасын басқару құралы» тақырыбында мектептің  жұмыс жоспарын құру алгоритмін мектеп директоры Ж.Е.Зикирин таныстырды.  Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Качан Н.Н. «Заманауи сабақты талдау» тақырыбында іскерлік ойын жүргізді. Мектеп психологі Гуляева И.А.  команда құрудың психологиялық аспектілері туралы психологиялық тренингі мектеп басшыларының көңілінен шықты. Семинарға қатысушылар  сабақтарды талдап,  сабақтарға өзіндік талдау жасап, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Т. Қосыбаева семинарды қорытындылады, мектептердің жас директорларының назарын мектептің жылдық жоспарын құру бойынша жұмысқа, мұғалімдердің сабақтарын талдай білуге аударды.

 

 

Просмотров: 651


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст