"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану апталығы

14.02.2017

Өзін-өзі тану апталығы «Сүйіспеншілік және

шығармашылық »

 Ақпан айының 2-13 аралығында  Атамекен ауылының орта мектебінде « Өзін-өзі

тану және педагогика :Сүйіспеншілік және шығармашылық » апталығы алдын ала

құрылған жоспар бойынша өткізілді.

       Аталмыш апталықтың

мақсаты-тәрбиелікке, түсінушілікке, татулыққа , достыққа, сыйластыққа,  тәрбиелеу.

     Апталық ақпан айының 6 күні салтанатты жиында

ашылып, мектеп мұғалімдері мен оқушылары құрылған  жоспармен таныстырылды.Мектеп кітапханасында

Калиева Айман Балғожақызы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесін

ашып,онда Сара Алпысқызының еңбектері мен шығармашылығынан туындылары  көрермен назарына ұсынылды.

       Орыс тілі пәнінің

мұғалімі Шахметова Қымбат Тұрсынбаевна жоғары сынып оқушылары арасында  «Үздік шығарма-эссе» байқауын өткізсе,

Пшимбаева Мадина Какимовна 7-8 сынып оқушылары арасында  «Мәнерлеп өлең оқу» сайысын өте жоғары

деңгейде ұйымдастыра білді.

   Бастауыш сынып оқушылары арасында «Мен

өмірді сүйемін!», «Бақытты балалық шақ» тақырыптарында сурет  байқауы өткізіліп, үздік сурет иелері мақтау

қағаздарымен марапатталды.

    Мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары аудандық

дебат сайысына жыл сайын қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Осы

апталық барысында «Шың» және «Жас ұрпақ» командалары «Адамгершілік-рухани ,

патриоттық тәрбие» тақырыбында сайысқа түсті. Сайыс  мұғалімдер үшін де, көрермен үшін де

қызықты,тартымды болды.  Дебат клубының

жетекшісі Уйсвек Ерболат ағайға алдағы уақытта бәйгенің алдын бермей, тек

жүлделі орындардан көріне беріңіздер дегім келеді.

    Сонымен бірге әр сынып жетекшісі «Өмір

неткен тамаша!»тақырыбында сынып сағаттарын өткізсе, мектепалды даярлық

топтарында, 1 ,3 және 9 сыныптарда ашық сабақтар ұйымдастырылып, өткізілді.

    Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді

дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру

мақсатында өткізілетін осындай апталықтың өмірлік мәні зор.

   

Просмотров: 444


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст